ҮЛКЕН АСАР ҚАЛАШЫҒЫ

– Негізінде, осы екі асарда әскер ұстаған. Бір-біріне жақын орналасқан. Айналасында елді мекендер де болған, - деген Рамазан аға Аханұлы:
– Біз егемендік алғанша бұлардың тарихын зерттеуге мүмкіндік болмады. Мұның бойында көптеген қақтығыстар болған ғой. Жоңғар шапқыншылығы орын алды, 1220-1221 жылдары Шыңғыс хан осының үстімен басып өтті. Одан қалды Қоқан хандығы өз билігін жүргізді. Міне, осындай тарихқа куә болған асарларға археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізсе, көптеген құнды жәдігерлерді тауып, мәліметтерге қанық болар едік, - деді.
