ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ОРТАЛЫҒЫНДА ҚОНАҚТА БОЛДЫ

Шара барысында құқық қорғаушылар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында аймағымызда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Орталық басшысы Н.Мыңжас бағдарламадан туындайтын міндеттер мен өткізіліп жатқан шараларға және арнайы кіші бағдарламаларға тоқталды. Орталықтың жұмыс барысымен таныстырып, құқық қорғаушылардың сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Қазақстан халқына жолдауы да сөз болды.
Одан соң департаменттің қырыққа жуық қызметкері Қызылорда қаласы тарихы музейінде болып Сыр елінің тарихы мен бүгінінен сыр шертетін деректермен танысты.
