ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу» деп атап көрсеткендей, әрбір халықтың ұлттық санасы мен түп негізі ана тілінен бастау алады.
Бүгінгі күнгі білім саласындағы реформалар - жаңартылған білім мазмұны, бес күндік оқу аптасына көшу, үштілділікті енгізу, латын графикасына көшу т.б. ұстаздардан өз білімдерін үздіксіз жетілдіріп отыруын талап етеді. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде біз осы армандардың бәрін жүзеге асыруымызға міндеттіміз.
Ал, үштілді оқыту – заман талабы. Елбасының үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр.
Осы мақсатта Қызылорда қаласындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінде «Үш тілді кіріктіре оқыту» атты семинары өтті.
Оған қалалық білім бөлімінің мамандары қатысып, тәжірибе алмасу мақсатында қала мектептерінен бірнеше ұстаздар келіп тәжірибе алмасты.
Семинар барысында мұғалімдер кіріктірілген сабақ жүйесін ұйымдастырып, тиімді әдіс-тәсілдерді, қазіргі заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып нәтижелі, жоғары деңдейдегі сабақтар өтті.