ҚАЗАҚСТАН ӨЗБЕКСТАНДЫ ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ
Қазақстан Өзбекстанды ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды. Бұл туралы ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссиясының отырысы кезінде тілшілерді ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған арнайы көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев ақпараттандырды.
«Екіжақты ынтымақтастық бойынша XIV Үкіметаралық комиссиясын өткізу аясында ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау және өткізудің тұсаукесері болып өтті. Біз Өзбекстанға бұл бастамаларда көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды білдіріп, бұл елді біздің көрмемізге қатысуға шақырдық», - деп хабарлады Р.Жошыбаев.
Сондай-ақ ЭКСПО-2017 комиссары Қазақстан Президентінің Өзбекстан басшысымен Астанадағы соңғы кездесуінде оған Қазақстан Өзбекстанға оның «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бойынша қазіргі жетістіктерін көрсету үшін ең жақсы әрі барынша көп павильондарды беретінін айтқанын еске салып өтті.
«Біз ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық бойынша өзбекстандық тараптан жақсы бағаға ие болып, сондай-ақ Өзбекстан елінің бұл көрмеге қатысып, өз жетістіктерін ең жоғары деңгейде көрсететіні туралы растауын алдық», - деп атап өтті Р.Жошыбаев.