«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ЕЛЕНА ЦХАЙ
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың табысқа жету тарихына мән беріп, көпшілікке танытуды қолға алған болатын. Аталған «100 жаңа есім» жобасына үміткерлердің бірі - өз ісінің шебері, білікті дәрігер Елена Цхай.
Ол Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алып, денсаулық саласында 20 жылға жуық уақыт еңбек етіп келеді. Жоғары санатты дәрігер эндокринолог. Білікті маман әліге дейін қант диабеті ауруына ешқандай вакцина жоқ екендігіне қынжылады. Сондықтан бұл ауруға шалдыққан науқастарға қант пен қант мөлшерін үнемі бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.
Сонымен қатар ол өзінің біліктілік деңгейін әрдайым жетілдіріп отырады, өйткені бүгінгі күні медицина саласына күнде бір жаңалық енгізіліп, тоқтаусыз даму үстінде. Білімін жетілдіру үшін 2002 жылы Санкт-Петербургке, 2004 жылы - Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтына, екі жылдан кейін эндокринология бөліміне барған. Әр түрлі республикалық және халықаралық конференцияларға қатысып келеді. Дәрігердің қажырлы еңбегі мен кәсібилігін жоғары бағалаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы оны ОМО бас дәрігерінің емдеу бөлімі бойынша орынбасары етіп тағайындады.