«МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» ЖУРНАЛЫ ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ
1996 жылдан бері шығатын «Мұнай және газ» журналы Қазақстандағы мұнай-газ кешенін дамыту және экономиканың онымен байланысты маңызды секторлары – энергетика, жер қойнауын пайдалану, мұнай химиясы, биосфераны қорғау және т.б. проблемалары жөніндегі беделді ғылыми–техникалық басылым болып табылады. Сонымен қатар ол жалпы мұнай-газ кешенін индустриалдық-инновациялық дамытудың жаршысы да. Журнал Франциядағы Сериялық басылымдар жөніндегі халықаралық орталықта ISSN 1562-2932 болып тіркелген, ал 2013 жылдың қаңтарынан бастап INSPEC DIRECT (Ұлыбритания) ғылыми –техникалық мәліметтер базасына да қосылған.
Журнал редакциясы мен оған тартылған сарапшылар талдаулар мен мониторингтерді жасаумен үздіксіз айналысып, оқырмандарды анағұрлым табысты жетістіктер, отандық ғалым-зерттеушілердің республикалық және шетелдік басылымдар мен баспаларда жарық көрген монографиялары мен ғылыми жұмыстары жайлы ақпараттандырады, сондай-ақ жыл сайын үлкен жетістіктерге жеткен, халықаралық ғылыми ортада мойындалған ғалымдарды анықтап, әлемдегі рейтингісі жоғары ғылыми басылымдардан дәйексөздер беріп отырады.
2014 жылдың қорытындысын шығарып, кез-келген қандай да бір еңбектің зерттелуінің маңыздылығы мен қажеттілігі жайындағы сарапшылардың пікірлері мен оқырмандардың хаттарын саралай келе, «Мұнай және газ» журналының редакция алқасы Бақытжан Жұмағұловтың 2014 жылы Elsevier (ISBN:978-0-12-416635-6) баспасынан шыққан «Fluid dynamics of oil production» атты еңбегін жылдың үздік монографиясы деп таныды.