ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖЕРГЕ ҚҰНАР, ШАРУАҒА ПАЙДА
Бейсенбі күні аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев төрағалығымен көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысын талқылауға арналған жиын өтті. Селекторлық режимде өткен мәжіліске барлық аудан әкімдері басшылары қатысты.
Жиынды ашқан аймақ басшысы Қ.Көшербаев алдымен облысымызда Елбасының тапсырмасына сәйкес, күріш шаруашылығын қолдай отырып, егіншілік саласын әртараптандыру жұмыстары белсенді қолға алынғанын жеткізді. Биыл тәуелсіздік жылдарында алғаш рет күріштен рекордттық өнім алынғанына тоқталып, мәжілістің мақсаты алдағы көктемгі дала жұмыстарына дайындықты тағы бір пысықтау екендігін атап өтті.
Хабарлама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дәуірбек Әбуовтің айтуынша, 2015 жылы 158,8 мың гектар жерге егіс егу межеленіп отыр. Ондағы күріштің көлемі 77,4 мың гектар. Бұл осы жылмен салыстырғанда 3704 гектарға аз. Өйткені, 2015 жылы егін шаруашылығын әртараптандыруға айрықша көңіл бөлінгелі отыр.
Төрткүл әлемде ауылшараушылығы саласының өнімдеріне сұраныс жыл сайын артып келеді. Үлкен маңызға ие агросалаға мемлекет тарапынан қолдау да жоғары. Себебі кез-келген елдің басты мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Басқарма басшысы өз сөзінде Елбасы бастамасымен аграрлық секторды мемлекеттік қолдаудың артып келе жатқанын атап жеткізді. Мәселен, аймағымыздың агросаласына соңғы 10 жылда мемлекеттік қолдау көлемі 27 есеге жоғарылады. Yстіміздегі жылы егіншілік саласын субсидиялауға бюджеттен 5,2 млрд. теңге қаржы бөлінді. Одан басқа, «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша шаруашылық құрылымдарына берілген несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау, инвестициялық субсидия тағы да басқа бағыттар бойынша шаралар атқарылды. Мәселен, осы жылың 10 айында «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ арқылы елдегі шаруашылықтарға барлығы 130,9 млрд. несие қаражаты бөлінді. Осындағы облыстың үлесі 4,5 прайызға жетіп, 5,9 млрд. теңгені құрап отыр. Ал, 2015 жылы асыраушы салаға ел қазынасынан 5 млрд. 242 млн. теңге қаржат бөлінгелі отыр.
Дайындыққа келсек, күріштің 21 723 тонн тұқымдығы дайын. Бұл қажеттіліктен 60 тоннаға артық. Ескеретін жайт, 2015 жылдан бастап егіске үшінші көбейтілген тұқымнан төмен тұқымды пайдаланған шаруа қожалықтары барлық бағдарлама бойынша берілетін субсидиядан құр қалады. Мәжілісте бұған қоса, облыстағы майда шаруашылықтарды түсіндіу жолымен біріктірудің маңызыдылы да айтылды. Өйткені, шауашылықтар бірікпесе, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді ала алмайды. Мұны түсінетін уақыт жетті.Осы бағыттағы жұмыстарды тартақан басқарма басшысы Д.Әбуовке облыс әкімі бұл жұмыстарды тездетуді тапсырды.
Егін шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру мақсатында өңірде саланы әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жоғарыда айтып өттік. Биылдан бастап шаруашылықтарды қаржылай ынталандыру мақсатында күріштен басқа дақылдардың әр гектарына төленетін субсидиялар көлемі айтарлықтай жоғарылады. Д.Әбуовтің айтуынша, осы мәселеге қатысты үш жақты меморандумдар жасалған. Оған сәйкес, 2015 жылы негізгі дақылдың көлемін тұрақтандыра отырып, жүгері, мал азығындық және майлы дақылдардың көлемін арттыру көзделіп отыр. Яки, картоп, көкөніс, бақша дақылдарының өндірістік негізде өсірілетін көлемі ұлғайтылады.
Мәжілісте «Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры Серікбай Өмірзақов егін шаруашылығын әртараптандырудың ғылыми негіздемесін жасау үшін институтқа әкімдік тарапынан түрлі қолдау жасалғанын айтып, алғысын білдірді. Тапсырмаға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды баян етіп, бұған қоса, суды үнемдеуге қатысты ойларын жеткізді. Келесі хабарламашы «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ төрайымы Жанат Самат күріш кластері аясында облыста құрылған «АгроХолдинг» Байқоңыр» ЖШС жұмыс жайын баян етті. Компания биыл 42 ауыл шаруашылықпен күріш салысын алдын ала сатып алу жөнінде келісім-шарт жасаған. Нәтижесінде олардың сұранысы бойынша егін егу жұмыстары 809,9 млн. теңгеге қаржыландырылды. Осы қаражаттың есебінен үстіміздегі жылы 14 520 гектар жерге күріш егіліп, Жалағаштағы ескі элеваторды сатып алып, теңгеріміне алған «АгроХолдинг» Байқоңыр» ЖШС элеваторына жоспарланған 16,2 мың тонна күріш салысын қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылы жалғасатын болады.
Ал, «Қазсушар» РМК облыстық филиалы басшысының орынбасары Жорабек Ерназаров министрлікке дақылдарды тұрақты суғаруға қажетті су лимитіне сұраныс жолданғанын жеткізді. Алайда су пайдаланушы шаруашылықтардың қарызы әлі азаймаған. Соңғы 5 жылда қарыз көлемі 59 млн. теңгеге дейін жеткен-ді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесімен бүгінгі таңда қарыз көлемі 8 млн. құрап отыр.
Мәжіліс барысында барлық аудан әкімдері селекторлық режимде күріш егісіне дайындық және әртараптандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баян етті. Айта кетейік, облыс басшысының тапсырмасымен биыл Арал ауданының оңтүстік шығысына шамамен 300 гектар жерге бақша дақылдары мен мал азығындық егіс егілді. Алдағы жылы оның көлемін мың гектарға жеткізу көзделіп отыр. Арал ауданың әкімі Абзал Мұхимов егіске қажетті құрылғылардың ұзақ жылдардан бері қараусыз қалған су тоспасының тозығы жеткенін, 57 канал мен 4 қорғаныс бөгетінің құжаттарын жасауға 43 млн. теңге қажеттігін жеткізді. Бұған мүмкіндігінше көмек көрсету қажеттігін атап өткен Қ.Көшербаев алдағы жылы Арал ауданында егіс көлемін артырудың маңыздылығына тоқталып, мұның қосымша жұмыс орындарын ашуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпалын тигізетінін жеткізді.
Мәжілісті қорытқан аймақ басшысы Қ.Көшербаев өз орынбасары Серік Қожаниязов пен тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар берді.
Дәуіржан ЕЛУБАЕВ