«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ҒАЛЫМЖАН БӘЙІМБЕТ

Жобаның II-кезеңі басталғандығы да белгілі. Байқауда бағын сынағысы келетіндер алдымыздағы 10 қыркүйекке дейін өтініштерін жолдай алады. Биыл жобаның жұмыс тобы жастарға ерекше ден қойып жатыр. Бұл жоба ел арасында жүріп, өз ортасының көшбасшысына айналған, озық ойымен, білімімен дараланатын адамдардың көпшілікке танылуына мол мүмкіндіктер жасайды. Ал жастар өз замандастарының жетістігіне марқайып, «болмаса да ұқсап бағары» анық.
Аталған жобаға Қызылорда облысынан ұсынылып жатқан үміткерлердің бірі тележурналист Ғалымжан Бәйімбет. Ол «Хабар 24» телеарнасының Лондондағы меншікті тілшісі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерінде еркін сөйлейді.

Өте еңбекқор Ғалымжан Қараманұлы 2005 жылы Астана қаласында өткен жас таланттардың «Шабыт» халықаралық фестивалінде «Үздік режиссура» және «Үздік бағдарлама» номинациясы бойынша лауреат атанды. Көптеген телевизиялық жобалардың, телехабарлар мен ток-шоулардың авторы. 2015 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбритания қаласын таңдап, Шотландияның Глазго қаласында «медиа-менеджмент» мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі таңда республикалық «Хабар24» телеарнасының Лондондағы меншікті тілшісі қызметін атқаруда.