ШЕТЕЛДЕ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Г.Әбдіқалықова әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолындағы қарышты қадам болып саналатын Елбасының «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты аясында жоғары білікті кадрларды даярлау айрықша маңызға ие екенін атап көрсетті.
Еліміздің ауқымды инфрақұрылымдық дамуы, жаңа өндірістерді құру, ел өңірлері арасында көлік коммуникацияларының барлық түрлері арқылы бизнес ынтымақтастықты жандандыру үздік кәсіби сапа мен тиісінше арнаулы біліктілікке ие жоғары деңгейлі менеджерлерге деген қажеттілікті тудырады.
Мемлекеттік хатшы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдаудың көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудан бастап шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі жұмысты жалғастыруға дейінгі 7 бағытының әрбіреуін іске асыру кезінде жоғары даярлықтан өткен кадрлар қажет болатынын атап өтті.
Г.Әбдіқалықова жаңа экономикалық саясатты іске асыруға байланысты Республикалық комиссияның 2015 жылғы жұмысындағы басым бағыттарды айқындап берді. Бұл орайда, «Болашақ» түлектерінің Жолдауды жан-жақты жүзеге асыруға белсенді қатысу мәселесіне айрықша назар аударылатын болады.
Сонымен қатар, отырыста «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша 2014 жылғы іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері талқыланып, азаматтардың өтініштері және шетелде жоғары білікті кадрларды даярлауға қатысты жаңа бастамалар қаралды.
Бұған қоса, отырыста Комиссияның шешімімен мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың ұсыныстары негізінде құрылған 2015 жылға арналған басымдыққа ие мамандықтар тізбесі бекітілді.
Отырыстың қорытындысында Мемлекеттік хатшы комиссия жұмысын ұйымдастыруға байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Республикалық комиссияның шешімімен 224 стипендия тағайындалды.