100 ЖАҢА ЕСІМ: «МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ»

Қызылорда өңірінен жобаға ұсынылап жатқан азаматтың бірі Скендіров Айдынбек Айтбайұлы.

Білім алған жылдары институттың Қазақстан Студенттер Альянсына жетекшілік етті. Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орындарының медициналық пунктердің сапасын жоғарылатуға орай «Жан саулығы-тән саулығы» және «Қалың қалай, студент?», «Студенттік омбудсмен» жобалары бойынша жұмыстар жүргізген.
2009 жылдың қараша айынан бастап, Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамытыу бөлімінің «Жыраулар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында маман болып қызмет атқаруда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қолға алынған келелі істерін жастарға насихаттау, тарихи мұраларымызды күтімге алу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Қармақшы аудандық бөлімшесінің және «Теміржол» БПҰ төрағасы, «Қармақшы Демеу» корпоративтік қорының директоры қызметтерін қоғамдық негізде атқарып келеді.
Айдынбек Айтбайұлы өз саласында жақсы жетістіктерге жетіп, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары үшін Қызылорда облысы жастарына арналған «Сыр үміті» сыйлығының иегері атанды. Сондай-ақ облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың «Алғыс хатымен», «Нұр Отан» париясының облыстық, аудандық филиалдарының және аудан әкімі мен басқарма басшыларының алғыс хаттарымен марапатталған. Сондай-ақ «Бейбітшілік Әлемі» (Планета Мира) Халықаралық творчестволық бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталған.