100 ЖАҢА ЕСІМ: АҒАШТАН ТҮЙІН ТҮЙГЕН ШЕБЕР

Аталған жобаның биыл екінші кезеңі басталып, еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер ұсынылуда. Солардың бірі Қызылорда облысынан ұсынылып жатқан қолөнер шебері, кәсіпкер Шайхы-Ислам Мағауияұлы
Ұлтымыздың ұсталық өнерін бойына жиған жалынды жас бала күнінен II топ көз мүгедегі. Соған қарамастан, ол көздің жауын алар бұйымдар жасап келеді.

Кәсібінің негізгі бағыты – ағаш, мүйіз, теріден тұрмысқа қажетті ыдыс-аяқтар, кәдесый, сувенирлер жасау. Ол 2013 жылы ‹‹Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз›› атты алғашқы републикалық мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен байқауда ‹‹Үздік жасампаз›› номинациясын жеңіп алғаны үшін, Арал ауданы әкімінің алғыс хатына ие болды.
2013 жылы 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының басым бағыты кәсіпкерлік әлеуетін күшейту барысында заманауи үлгілерді еңгізу мақсатында ұйымдастырылған «Үздік жас кәсіпкер» байқауында I-ші дәрежелі дипломымен марапатталды.
2018 жылы Қызылорда қаласында өткен «Өзіңе сене баста!» мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған көрме-байқауына белсене қатысқаны үшін Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының Алғыс Хатымен марапатталды.
2018 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен ерекше жандардың шығармашылығына арналған Үӏӏӏ облыстық «Жүрек жылуы» өнер фестивалінде «қолөнер» наминациясы бойынша Бас жүлде алған. Шайхы-Исламның бұдан да бөлек биік белестерді бағындарып, үздіктер қатарынан көрініп келеді.