224 СТИПЕНДИЯ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалық етуімен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Гүлшара Әбдіқалықова әлемнің ең дамыған 30 еліне кіру жолындағы қарышты қадам болып саналатын Елбасының «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты аясындағы жоғары білікті кадрларды даярлау айрықша маңызға ие екенін атап көрсетті.
Еліміздің ауқымды инфрақұрылымдық дамуы, жаңа өндірістерді құру, ел өңірлері арасында көлік коммуникацияларының барлық түрлері арқылы бизнес ынтымақтастықты жандандыру үздік кәсіби сапа мен тиісінше арнаулы біліктілікке ие жоғары деңгейлі менеджерлерге деген қажеттілікті тудырады.
Мемлекеттік хатшы «Нұрлы Жол – болашаққа жол» атты Жолдаудың көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудан бастап шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі жұмысты жалғастыруға дейінгі 7 бағыттың әрбіреуін іске асыру кезінде жоғары даярлықтан өткен кадрлар қажет екендігін атап өтті.
Мемлекеттік хатшы Республикалық комиссияның 2015 жылғы жұмысындағы жаңа экономикалық саясатты іске асыру бойынша құрылатын басым бағыттарды айқындап берді. Сонымен бірге «Болашақ» түлектерінің Жолдауды жан-жақты жүзеге асыруға қатысуын белсендіруге барынша назар аударылатын болады.
Сонымен қатар, отырыста «Болашақ» халықаралық стипендиясы мәселелері бойынша 2014 жылғы іс-шараларды іске асыру мәселелері талқыланып, азаматтардың өтініштері мен шетелде жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша жаңа бастамалар қаралды.
Бұған қоса, отырыста Комиссияның шешімімен мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың ұсыныстары негізінде құрылған 2015 жылға Басым мамандықтар тізбесі бекітілді.
Отырыстың қорытындысында Мемлекеттік хатшы комиссияның жұмыстарын одан әрі ұйымдастыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Республикалық комиссияның шешімімен 224 стипендия тағайындалды.