ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН СУЫТАДЫ
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстанның басым аумағы жоғары қысым ықпалында болатындықтан ауа температурасы төмендеп, күн ашық болады, тек республиканың шығысы мен батысында атмосфералық ағымдардың өтуінен құбылмалы күн райы сақталады, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғып, жел күшейеді деп күтілуде. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25-28 м/с-ке жетеді, жекелеген аудандарда боран соғып, көктайғақ болады. Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде боран соғады. Қызылорда, күндіз Ақтөбе облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде және таңертең Павлодар, Ақмола облыстарында боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерін тұман басады. Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп 15-20 м/с жел соғады, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25 м/с-ке жетеді. Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда.
Еліміздің елордасы Астанада түнде -23...-25, күндіз -11...-13°C, күн ашық болады, көшпелі бұлт шығып, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматыда түнде -3...-5, күндіз 7...9 градус нөлден жоғары, көшпелі бұлт шығады.