А.ТОҚМАҒАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің іргетасы 1959 жылы қаланған. Мәдениет ошағын күрделі жөндеуден өткізуге 106 миллион теңге қаржы жұмсалды. Бұл ғимаратта қалалық мәдениет және тілдерлі дамыту бөлімі, клубтар және халықтық ұжымдар, облыстық филармония, 6 ұлттық-мәдени орталықтар орналасқан.
Қайта жаңғыртылған ғимараттың жұмысымен танысқан аймақ басшысы, өнер ұжымдарының жұмысына табыс тілеп, Жаңа мерекесімен құттықтады.
Ғимараттың сырты «травертин» әк тәрізді құрылыс затымен қапталып, ұлттық нақышта безендірілген. Көрермен залының орындықтары ауыстырылып, үйірмелерге арналған бөлмелер жаңартылған. Жалпы, өнер иелерінің шығармашылықпен айналысуына бар жағдай жасалған.