ЖАСТАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АРТУДА

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту мақсатында ашылған мемлекеттік қызмет мектебіне түсу жолдары түсіндірілді.
Департаменттің бас маманы Анар Сәлімжан болашақ мемлекеттік қызметшілермен жүздесуде ойын былай өрнектелді: «Мемлекеттік қызмет – бұл маңызды тапсырмаларды шешуде үлес қосуға мүмкіндік беретін жұмыс. Халыққа адал қызмет ету – елдің гүлденуінің кепілі, ал біздің елдің болашағы тек сіздер!»
Кездесуге қатысқан студент-жастар өздерінің қызығушылықтарын білдіріп, департамент өкіліне сұрақтарын қойды.
