ӨЗІМІЗ ЖАСАП КӨРЕЙІК...

Шеберлік сабағын қолөнерші Жанар Мұстафақызы жүргізді. Сабаққа Қызылорда көпсалалы колледж студенттері, оқушылар және «Өнер» клубының мүшелері қатысты.
Сабақ барысында жастар табиғи тастардан қыздар пайдаланатын әшекей бұйымдар: мойынға тағатын алқалар, шашқа, қолға арналған сәндік заттар жасауды үйренді. Өз қолдарымен жасалған бұйымдарды қыздар ерекше ынтамен, қызығушылықпен жасады.
Келесі сабақ қараша айына жоспарланған.

