ТАРИХИ ОРЫНДАРҒА ЭКСКУРСИЯЛЫҚ САЯХАТ
Қызылорда облыстық музейі тарихи нысандарды зерттеп-зерделеуде, түсіндіріп-насихаттауда жоспарлы жұмыстарды алға қойған. Облыс оталығындағы оқу орындарымен әріптестікте жұмыс жасап, Сыр өңірінен енген жалпыұлттық және өңірлік нысандарды зерттеп, жастарға насихаттау жолында жүйелі жұмыстар жасап келеді.
Жастардың рухын бекітіп, тарихи танымын кеңейте түскен шаралардың бірі ̶ Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы бойынша ұйымдастырылды.
Бұл – Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің қаламыздағы №6 орта мектеп оқушыларына ұйымдастырған «Сыр өңірінің киелі жерлеріне саяхат» атты тарихи-танымдық экскурсиясы. Аталған мектептің оқушыларын сынып жетекшісі Айгүл Кәрібаева «Жас ғалым», «Жас археолог», «Жас журналист» деп 3 топқа бөліп, саяхатқа үлкен дайындықпен келгенін көрсетті. Оқушы жас ғалымдар әр нысанның тарихы мен аңызына үңіліп, тың деректер табуға тырысса, жас археологтар ортағасырлық қалаларда жүргізілген қазба жұмыстарынан табылған археологиялық жәдігерлерді жан-жақты зерттеуге кірісті. Ал, жас журналистер болса, тарихи орындарды бейнекамераға түсіріп, музей қызметкерлерінен сұхбат алып, өз әсерлерімен бөлісті.
Оқшы Ата кесенесі, ортағасырлық Сауран қаласы, Түркістан қаласы, Әзірет Сұлтан кесенесі, Арыстан баб кесенесі және ортағасырлық Сығанақ қаласына облыстық музейдің "Археология және этнография" ғылыми-зерттеу бөлімі қызметкерлері тарихи-танымдық экскурсия жүргізіп, оқушылардың тарихи білімін тереңдетіп, туған өлкесін тануға, таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Саяхат барысында оқушылар ортағасырлық қалалардың тарихымен, сәулет өнерімен, тұрмыс-тіршілігімен танысты. Қасиетті адамдарға тұрғызылған кесенелер де жастарды бей-жай қалдырмады. Аңыз әңгімелер оқушыларды сол ғасырларға ойша апарып тастады десек, артық айтқандық емес.
Қызылордалық оқушылар бір мезет сол уақытқа оралып, сан ғасыр бұрын өмір сүрген халықтың табанының ізі жатқан жерде тұрып, саусақтарының табы қалған бұйымдарды қолымен ұстап, экскурциядан ерекше әсермен оралды. Осылайша, балалар өздерін бір сәт археолог ретінде сезініп, ескі керамикалық ыдыстардың сынықтарын тауып, ғасырлар арасындағы тылсым байланысты сезінді.
Музей мен білім мекемелерінің интеграциясы ұлтжанды, отансүйгіш, жан-жақты, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына алып келетіні анық. Демек, экскурсиялық-саяхат өз мақсатына жетті.
Жастар тарихи тұлғаларды кұрметтеуге, тарихи оқиғаларға сыни тұрғыда қарап, баға беруге, өлкені тануға, өткенді білуге, тарихты саралау-зерделеуге бет бұрды. Осындай жастар өсіп келе жатқанда ел рухының өрлей түсетініне сенім де мол.
Әйгерім БЕККУЛИЕВА,
Қызылорда облыстық музейі
«Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі