ҮШТІЛДІЛІК – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Үштілділік – кемел келешек кепілі» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Онда өз ана тіліңе құрметпен қарай отырып, ұлтаралық қатынастар тілін еркін игеруге, жаһанданудың жетістіктеріне жетуде ағылшын тілінде сөйлеу – Қазақстанның болашағын жарқын болуының айғағы екендігі айтылды.
Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» факультетінің қауымдастырылған профессоры К.Сарышова, «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті Д.Сарсенова, «Speak English» оқу орталығының оқытушылары З.Жулдабаева, А.Жақсылықова және Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің түзету мекемесінің қызметкерлері мен көпсалалы «Ұлағат» колледжінің студенттері қатысты.