ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ: МӘСЕЛЕ, ПІКІР, ҰСЫНЫС

Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшудің маңызы туралы нақты, әрі ерекше көрсетілген. Осыған байланысты жер-жерде осы тақырып жөнінде қызу талқылау болып жатыр. Бұл бастаманың тиімділігі туралы ұсыныстар да кең насихатталуда.
Жиынға қатысушылар Қоғамдық кеңес мүшелері, ҮЕҰ жетекшілері, қала тұрғындары, белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты және Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы КММ-н директоры Нұрсәуле Мусаева, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев келіп өздерінің баяндамаларын акеліп еркін ойларын білдіріп кетті.
Колледж ұстаздары және жастар ҮЕҰ мүшелері өз пікірлерін ортаға салып, латын әліпбиі қолдануға жәңіл екендігін, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қолдайтындарын атап өтті. Іс-шара барысында педагогтар латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беретін қажеттіліктер туралы өз пікірлерін ортаға салды.
