БАЙҚОҢЫРЛЫҚТАР ТҮРЛІ ҰЛТТЫҢ МӘДЕНИЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Фестивальге қатысуға Байқоңыр мен Қызылорда қалаларының мекемелері, кәсіпорындары, білім беру және қоғамдық ұйымдары шақырылды.
Қызылорда облысынан фестивальге 6 этномәдени бірлестіктен 200-ден астап адам қатысты. Фестиваль барысында этномәдени бірлестіктерінің өкілдері түрлі этностардың салт-дәстүрлері бойынша презентация дайындады, ұлттық тағамдар сайысына қатысты.
Барлық сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен және медальдармен марапатталды.


