АЛМАТЫ ТҰРҒЫНЫ ЛОТЕРЕЯДАН 20 МЛН ТЕҢГЕ ҰТЫП АЛДЫ
20 желтоқсан күні EXPO LOTTO-ның бірінші категориялы ойынының екінші жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Baq.kz.
Жеңімпаз EXPO LOTTO-ның тұрақты ойыншысы Алматы қаласының Мұрат есімді тұрғыны болып шықты. Ол апта сайын 1000 теңгеге лотереялық билеттер алып ойнап тұрады екен. Бүгін өткен салтанатты марапаттау кезінде Мұрат Жақатаев журналистерге лотереялық ойындарға 2000 жылдардан бастап қатысып келе жатқандығын айтып:
- Бұрындары тұрмыстық техника сынды дүниелер ұтып алып жүргенмін, ал 20 млн теңге ең үлкен ұтысым. Лотереялық ұтыс тікелей эфирден ашық жүргізіліп жатқандықтан, ұтыстың болуы керек екендігін сезетінмін. Сондықтан бәрін лотереялық ұтыстарға қатысуға шақырамын. Бірде болмаса, бірде сәттілік жолдасы болған адам осындай үлкен ұтысқа ие болады. Әзірше бұл ақшаны қайда жіберетінімді ойламадым. 1999 жылы Алматыға Талдықорған қаласынан көшіп келген болатынмын, содан бері жалдамалы үйде тұрып келеміз. Бірінші кезекте Алматыдан үй алсам деймін, - деді.
Айта кетейік, Ұлттық лотерея Қазақстанда биылғы жылдың 23 қазанында Халықаралық көрмелер бюросының берген кеңесіне байланысты басталды. ЭКСПО-ны қолдау мақсатында мұндай лотереялар 2008 жылы Сарогос қаласында (Испания), 2010 жылы Шанхайда (ҚХР) өткізілген болатын, сондай-ақ, лотерея 2015 жылы Милан қаласында (Италия) өтетін Дүниежүзілік көрменің тіркеу құжаттамасында мәлімделген. Басқа елдердегі ұлттық көрмелерге, форумдар мен спорттық жарыстарға ілестіре лотереяларды өткізу бойынша халықаралық тәжірибе оң нәтиже көрсетті.