НАЗАРБАЕВ ӨЗІНІҢ СУРЕТІ ІЛІНГЕН БИЛБОРДТАРДЫ АЛЫП ТАСТАУДЫ ТАЛАП ЕТТІ
Жалпыұлттық телекөпір барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталықтарына өзінің суретін емес, Қазақстанның индустриясын, жалпы, қарапайым еңбеккерлердің санын көрсететін таблоларды ілу керектігін айтты.
"Мен үнемі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту керектігін айтып келемін. Өздеріңіз бағалап көріңіздер: Қазақстан экономикасын 6 пайыздық өсіммен қамтамасыз ету үшін бізге жыл сайын шамамен 10 мың жұмыс орнын ашуымыз керек. Бұл бәрінің есінде болуы керек. Сіздер облыс орталықтарына менің портреттерімді емес, сол аймақта жылына, айына, бір тоқсанда неше жұмыс орны ашылғаны туралы таблоларды ілу керексіздер", - деді мемлекет басшысы.
Сонымен бірге президент бұқаралық ақпарат құралдары үнемі аймақтарда қандай кәсіпорындар ашылғанын, қанша жұмыс орны ашылғандығы туралы хабар беріп отыруы керек. Тіпті, бүгінгі телекөпір барысында көрсетілген бейнематериалдарды, Қазақстанның тыныс-тіршілігін, тіпті, кемшілігін күнде көрсетіп отыру керек екенін президент Назарбаев баса айтты.
"Мысалы, Қытай телеарналарында хабарлар алдындағы алғашқы бес минутта темір жолшылардың жұмысын, тігін фабрикасын, кәсіпорындардың жұмысын көрсетіп жатады. Бұл ел үшін мақтаныш сезімін оятады емес пе!? Бұның барлығын біз өз қолымызбен жасап жатқанымызды көрсетеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.