МИЛАНДА АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ТАҒДЫРЫ СӨЗ БОЛАДЫ
«Expo Milano-2015» көрмесінде Қазақстан әлем жұртшылығының назарын Арал теңізі проблемасына аударады. Бұл туралы бүгін «Expo Milano-2015» Бүкіләлемдік көрмесіндегі Қазақстан Республикасы секциясының Бас комиссары Әнуарбек Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Миланда ұйымдастырылатын көрмемізде біз ауыл шаруашылығы тақырыбына баса назар аударатын боламыз. Біздің мықты тақырыптарымыз - бұл мал шаруашылығы мен аквамәдениет. Өздеріңізде білетіндей, Қазақстан аумағында экологиялық апат деп санауға болатын Арал теңізі бар. Біз экология тақырыбы аясында осы мәселені көтермекпіз. Дегенмен, Қазақстан Үкіметі Арал теңізін сақтап қалуға бағытталған тыңғылықты шаралар қабылдауда», - деді ол.
Оның атап өтуінше, Көксарай су бөгетін салудың арқасында 2004 жылдан бері теңіздің Қазақстан бөлігінің арнасына тола түсіп, аумағы 3,4 есе ұлғайғандығы байқалады.
«Экология тақырыбында бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы аумағында Қызыл кітапқа енген, жойылу алдында тұрған жан-жануарларды да көрмеде көрсетеміз», - деді Ә.Мусин.
Естеріңізге сала кетейік, EXPO-2015 бүкіләлемдік көрмесі Миланда 2015 жылғы 1 мамыр мен 31 қазан аралығында өтеді. Көрме ауданы 1,7 млн. шаршы метрді құрайды. Оны өткізу күндері миландықтар 29 млн. қонақ күтуде. Көрменің тақырыбы - «Ғаламшарды қоректендіру, тіршілікке арналған энергия». ЭКСПО-2015 тамақ өнімдеріндегі дәстүрлерді, шығармашылықты және инновацияларды бейнелейтін ерекше әмбебап оқиға болмақ.