ЕЛОРДАДА «АЛТЫН САПА» МЕН «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» ЛАУРЕАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Президенттің сапа саласындағы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» жүлделерін анықтауға арналған республикалық байқаудың нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Лауреаттар мен дипломанттарды марапаттау салтанаты Мемлекет басшысының қатысуымен дәстүрлі түрде Тәуелсіздік Сарайында өтті.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес биылғы жылы бұл байқауға жеке кәсіпкерлер қатысты, сондықтан байқаудың үш номинациясы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектісі, орта кәсіпкерлік субъектісі және ірі кәсіпкерлік субъектісі деген санаттардағы үш жүлде тағайындалған болатын. Байқау номинациялары бұрынғысынша: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» деп аталады.
Биылғы жылы ҚР Президентінің сапа жөніндегі «Алтын сапа» жүлдесін анықтайтын байқауға 293 компания қатысты. Олардың негізгі бөлігін орта кәсіпкерлік субъектілері – 127 кәсіпорын, шағын кәсіпорын субъектілері – 101 кәсіпорын және ірі кәсіпорын субъектілері – 65 кәсіпорын құрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» жүлдесін ірі кәсіпкерлік саласында «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «АЗМК» ЖШС (Алматы қ.), орта кәсіпкерлік саласында «АВЗ» ЖШС (Алматы облысы) және кіші кәсіпкерлік саласында «Фирма «АЛКОН +» ЖШС (Астана қ.) лайық деп танылды.
«Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында «РЗА» АҚ (Қызылорда облысы), «МедАспапОптика» (Алматы қ.) және «Био Тау Жер» ЖШС (Алматы облысы) үздік деп танылды.
«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында «Глобалинк Транспортэйшн энд Лоджистикс Ворлдвайд» ЖШС (Алматы облысы), «Ақ Бидай-Терминал» АҚ (Маңғыстау облысы) және «Достық» сауда-өндіріс кооперативі (Қарағанды облысы) үздік деп танылды.
Мемлекет басшысының «Алтын сапа» жүлдесінің «2014 жылдың үздік индустриалды жобасы» және «2014 жылдың өндірісіндегі үздік инновациялар» санаттарындағы арнайы жүлделері биылғы жылдың нәтижесі бойынша индустрияландыру жөнінен топ жарған Ақтөбе рельсобалочный завод» ЖШС (Ақтөбе облысы) және жыл инновациясында топ жарған «ПОСУК Титаниум» (POSUK Titanium) ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы) табысталды.
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінде 153 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Байқау нәтижесіне сәйкес «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ (Алматы қ.), Павлодар машина жасау зауыты» АҚ (Павлодар облысы), Жамбыл цемент өндіру компаниясы» ЖШС (Жамбыл облысы); «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша «ЖК Левин В.Д.»(Солтүстік Қазақстан облысы), «Бал Текстиль» ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы), «БЛЭК» ЖШС (Ақмола облысы); үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша «Зерде-Фито» ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы), «КЭММИ GROUP (Павлодар облысы), «Агрофирма «Диевская» (Қостанай облысы) дипломанттар атанды. Әр номинацияда І, ІІ, ІІІ дәрежелі үш дипломанттан болды.
2006 жылы тағайындалған бұл жүлде отандық өндірісті дамытуға және инновациялық қызметке қосқан үлестері үшін беріледі және лауреаттардың одан әрі дамуына жағдай жасауға бағытталған. Бүгінгі күні бұл – қазақстандық компаниялардың арасындағы ең беделді жүлде. Кез-келген бизнесмен президент жүлдесіне ие болсам деп армандайды. Әрі үздіктердің үздігін Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жеке құттықтайды.
«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздарына құрмет көрсету сапа идеясын алға жылжытуға, заман талабына сәйкес басқарудың мемлекеттік стандарттарына және сапа белгісін бақылауды бағыттауға өз септігін тигізеді.
Мемлекет басшысының «Алтын сапа» жүлдесі пайда болған 8 жылдың ішінде мұндай зор атаққа 51 компания ие болды. «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі өткелі бері республикалық деңгейде 97 дипломант (жеңімпаз) анықталды.