ДӘН ПАТШАСЫ ЫБЫРАЙ

Мыңның біріне бұйыратын сол аманат бүгінде ұмытылып бара жатқан болар, бірақ кешегі кісілердің көз алдында. Аманатқа ие болу – үлкен сенімді сезінудің сипатындай салмақ еді!
Біз даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың киелі кетпенін қолынан аманаттап алған кісіні Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылынан таптық. Ол – бүгінде ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, кешегі «Тыңның 30 жылдығы» атындағы атақты комсомол жастар бригадасының бригадирі Молдахмет Ибрагимов.
– Бұл оқиға 1981 жылдың мамыр айы болатын. Күріш егуді енді аяқтаған кезіміз. Комсомол жастар бригадирлерін Шиелі ауданында жинап жатыр деген тапсырма түсті. Содан Жаңақорған ауданынан екі кісі бардық. Басқа аудандардан да өкілдер бар. Біз «Қызыл Ту» шаруашылығының кеңсесіне келдік. Онда райком хатшысы Фируза Жүсіпова күтіп алды, шақырылу себебін түсіндірді.

– Шырағым, жерді алдама, – деп бір ауыз ғана сөз айтты. Мұнысы – жерді баптап, құнарын сақтап, ырыс жина дегені еді.
Кейіннен осы сөзді шариғат хадистерінен де кезіктірдім. Қамшы сөз қанаттандырды, ширатты. Сол кетпен мені тұғырлы табыстарға жеткізді, – деді Молдахмет Ибрагимов.
Қос жұлдызды Ыбырай Жақаев өз аманатын тапсырып, қыркүйек айында өмірден өтті. Бұл оның соңғы сенімі еді.
Қ.ӘБДУОВ