ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫНЫҢ ТҰРАҚСЫЗ СИПАТЫ САҚТАЛАДЫ
Қазақстанның барлық аумағында дерлік атмосфералық ағындардың өтуімен бұрынғыша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, күшті жауын-шашын болып, соңы қарға айналады, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын көтеріледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа, ұйтқуы 25 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа жетіп, түнде бұрқасындатады. Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола, Павлодар облыстарында желдің 15-20 м/с-қа дейін, ұйтқуы 25 м/с-қа дейін күшеюі, кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болуы күтіледі. Қостанай облысында түнде кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін, күндіз ұйтқуы 17-22 м/с-қа жетуі, кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, тұман түсуі, көктайғақ болуы күтіледі. Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысында тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Сонымен қатар, таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде мұз қатуына орай су деңгейі құбылады. Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарындағы су нысандарында қысқы режим сақталады.