ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАСАМПАЗ ҮЛГІСІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған республикалық лекторий аясында Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының кеңейтілген отырысы өтті.
Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өткен жиынды «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Нұрлыбек Мыңжас жүргізді.
– Өздеріңіз білетіндей, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақ халқының рухани әсемдігі мен ішкі жан дүниесінің тереңдігін көрсетті. Бұл орайда «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы барша қазақстандықтарға қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, әдебиеті, тарихы, философиясы туралы терең ақпарат беру, оларды жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастырудың жарқын үлгісі болып саналады,– деді ол.
Жиында «Қасиетті Қазақстан» ҒЗО басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғалиұлы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тақырыбында, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов «Ғасырлар дәстүрлерін сақтау: қазақтардың мәдени коды және толеранттылық» тақырыбында баяндама жасады.
Қатысушы ғалымдар мен жоғары оқу орнының оқытушылары тың ұсыныстарды ортаға салды.