ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін Елбасының қатысуымен «Қазақстанды жаңа индустрияландыру: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың нәтижелері» тақырыбында өткен жалпыұлттық телекөпірде Қызылордада көпір пайдалануға берілді.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының негізгі бөлігі-яғни, 812 шақырымы Қызылорда облысы аумағында. Жоба бойынша 48 көпір, 14 жол айырығы, 2 темір жол өткелі бар.
Еліміздің Батысы мен Оңтүстігін жалғайтын көпір монолитті технологиямен салынған. Күрделі нысан бір жарым жылда салынып болды. Тәжірибесі мол әзірбайжандық компания нысан құрылысын ойдағыдай аяқтады және ол елімізде бұрын-соңды қолданылмаған тың әдісті пайдаланды. Көпірдің ұзындығы 220 метр. Мамандар төрт жолақты жолдың сапасы өте жоғары екендігін айтып отыр.
Еуропа мен Азияны жалғайтын транзит облыстың мүмкіндігін кеңейтеді. Ал көлік логистикасының дамуы өңір экономикасын арттырады.
Ғасыр жобасы саналатын ірі құрылыс экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да тиімді. Құрылыс жұмыстарына 15 мың жергілікті тұрғын тартылса, құрылысқа қажетті материалдар да Жаңақорған және Шиелі аудандарынан алынды. Сондай-ақ, Елбасы телекөпір арқылы Қазалы ауданындағы «РЗА» «Мал өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кешенінің» жұмысымен танысты. Заманауи технологиялармен қамтылған кәсіпорын жобасының жалпы құны - 2089,03 млн. тенгені құрайды. Бұл кешенде 160-тан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Қазіргі таңдағы мал және сүт өнімдерін өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 3,6 мың тонна. Аймақтағы жетекші кәсіпорынның қуаттылығы ішкі нарықтағы сұранысты толық қамтамасыз етуге жетеді.
Мемлекет басшысы екі жобаның да еліміз үшін маңызы жоғары екенін айтып, көпірді пайдалануға рұқсат етті.