«МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫ ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАНЫҢ ТІРЕГІ»
Қызылорда облысының тау-кен металлургиялық кешенін дамыту бойынша «Жол картасы» қабылданды. Бастапқы кезеңде «Шалқия» қорғасын-мырыш кенорнындағы кенішті кеңейту және жылына 4 млн. тонна кен шығаратын комбинат құрылысы, «Бала-Сауысқандық» кенорнындағы кен базасын кеңейту және кен өңдеу көлемін жылына 1 млн. тоннаға дейін ұлғайт, Қызылорда қаласында қуаттылығы 162 мың тонна төмен-аллюминийлік ферросилиций шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысын салу секілді ірі жобаларды жүзеге асыру көзделуде.
«Мұнай, газ, уран секілді шикізатты өндірумен қатар, металлургия саласы өңірлік экономиканың тірегі, ал кейіннен – халықтың білікті жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін – базисіне айналуға тиісті», - деді бүгін облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.