МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ТЕЛЕКӨПІР БАСТАЛДЫ
Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күні аясында «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың нәтижелері» атты жалпыұлттық телекөпір басталды.
Жалпыұлттық телекөпір барысында елдің индустриялық саясатының алғашқы бесжылдығы қорытындыланып, Индустрияландыру картасының 15 жаңа жобасы іске қосылмақ.
Сондай-ақ, телекөпір барысында Елбасына өңірлердегі бұған дейін пайдалануға берілген өндірістердің қалай жұмыс істеп тұрғандығы көрсетіледі.