СЫР БОЙЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШАЙҚАСТАР

Ескі сығанақ қаласының орны Жаңақорған ауданы Сунақ атадан солтүстік батысқа 2 шақырымдай жерде орналасқан.
Жаңа дәуірдің екінші мыңжылдығының басы қыпшақтардың күшеюімен белгілі. Олардың жойқын атты әскері өз жолындағы барлық аумақтарды, тайпалар мен халықтарды бағындырды. XI ғасырда олардың жер аумағы Сібірден Қырымға дейін созылып жатты.
Ұлы Жібек Жолында орналасқан Сығанақ қаласы қыпшақтардың астанасы болды. Моңголдар келгенше Сығанақ қаласы осылайша дәуірлеген еді.
1219 – 20 ж. Сығанақты Жошы әскері басып алып, өзіне қатты қарсылық көрсеткендерді қырғынға ұшыратты. Осы кезден бастап қала Жошы ұлысына қарады. Сығанақ кейін Ақ Орданың, көшпенді қазақ-өзбек Шайбанид Әбілқайыр ханның және Қазақ хандығының астанасы болған.
Бақытжан Ахметбек,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу
институтының ғылыми қызметкері