БІЛІМ БЕРУДЕГІ БІЛІКСІЗДІК ДЕПАРТАМЕНТ НАЗАРЫНДА
Облысымызда соңғы екі жылда 5 колледж жабылған. Себеп мұғалімдердің біліктілігі, оқу орнының техникалық базасы білім беру стандарттарына сай емес. Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Мейрамбек Шермағамбет мәлімдеді.
Департаменттің жүргізген мониторинг нәтижесінде белгілі болғандай облыс мектептері компьютерлермен үздіксіз қамтамасыз етіліп келеді. Дегенмен, мектептердегі компьютерлердің 30 пайызы ескірген. Сондай-ақ, елімізде мектептер жыл сайын жаңа үлгідегі физика, химия және биология кабинеттерімен қамтамасыз етіліп отырғандығына қарамастан 61 мектеп тек химия кабинетімен ғана жабдықталған. Ал, физика, биология кабинеттері мүлде алынбаған.
«Жүргізілген бақылау негізінде тиісті заңдылықтарға сәйкес өтініштер қаралып, жаңадан ашылған мектепке мемлекеттік лицензия берілсе, 196 білім беру мекемелерінің білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия қайта рәсімделді. 7 мамандыққа лицензия қосымша беріліп, лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес сәйкес болмаған 86 білім мекемелерінің өтішінтері кері қайтарылды», - дейді департамент басшысы Мейрамбек Зинадинұлы.
Фариза ОМАРОВА