ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ. ВИКТОРИЯ ФРОМКИН. ТІЛ БІЛІМІНЕ КІРІСПЕ
Атауы айтып тұрғандай «Тіл біліміне кіріспе» деп аталатын бұл кітап келешек филолог мамандарға, шет тілі филологиясында оқитындарға, жалпы оқырман қауымға лингвистика ғылымы жөнінде алғашқы мағлұмат беруді көздейді.
12 тараудан тұратын кітапта тіл ғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен синтаксис мәселелері баяндалады. Мұнда тіл және тілді пайдалануға қатысты көкейкесті мәселелерге де жауап табылады. Кітап тілші ғалымдарға, ағылшын тілін үйренушілерге, филология факультетінің студенттері мен оқытушыларына және тіл біліміне қызығатын жалпы көпшілікке арналған.
«Тіл біліміне кіріспе» кітабының авторлары – Виктория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хайамс. Озық дүниені қазақ тіліне аударған тәржімашылар – Ұ.Ісләмова, Б.Мизамхан және М. Жаңабекова.
Енді кітаптың авторы туралы қысқаша айта кетейік. Америка тілшілері қоғамының президенті Виктория Фромкин бастаған ғалымдар тобының «Тіл біліміне кіріспесі» тілдік өзгеріс, тілді меңгеру, жазба тілдің негіздері, тіл және адам миы сияқты мәселелерді жаңаша талдайды.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жаңа гуманитарлық білім беруді қолға алуда әлемдегі ең танымал деген 100 оқулықты қазақ тіліне аудару жұмысы қарқынды түрде басталып кеткені баршамызға белгілі.
Осы жұмыспен тікелей айналасып жатқан «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры қазіргі күні 18 оқулықты жарыққа шығып, жоғары оқу орындары кітапханасына таратылды. Нақты кезеңде тағы 30 оқулықты аудары ісі қызу жүруде.