ЖАРҚЫН БАСТАМАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ
Ұлт көшбасшысының «Болашақққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы толғамдары халықты жаңа дәуірге қадам басуға жетелейді. Жаңашыл, жаһандық кезеңнің беймәлім құбылыстарын, сәт сайын ғаламға таралатын жаңалықтарды жатырқамай қабылдай алу, қазіргі дамып келе жатқан қоғамның өмір сүру қағидасының жағымды жақтарын бойға сіңіру – бүгінгі күннің басты талабы.
Елбасы бұл ретте тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыт-бағдарын атап көрсетті. Бәсекелік қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы аталған мақалада толық қамтылған. Сонымен қатар, таяу жылдарда толыққанды жүзеге асуы тиіс міндеттер де ашық айтылған.
Қысқасы, бағдарламалық мақалада ел келешегін кемел етер келелі істер, жарқын бастамалар қолға алынды. Еліміз көркейді, әлемдік деңгейде өз биігін бағындыра алатын дербес мемлекет екенін тағы бір дәлелдеді. Ұлт санасының қайта жаңғырып, таптаурын болған қағидалардан арылу жолында
Елбасының «Рухани жаңғыру» саласы бойынша берілген тапсырмалары жерел орындалуда. Ауқымды істер атқарылды. Кириллицадан латын әліпбиіне көшу, жаңа әліпби арқылы әлемдік ақпараттық кеңістікке еркін бойлау, ғылыми техниканың тілін қиындықсыз меңгеру мақсатында Мемлекет басшысы осындай саяси шешім қабылдады.
Сонымен қатар, қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды талап ететінін атап өтіп, мықтап қолға алу қажет деген бірнеше жо¬баны ұсынды. Оның ішінде білім саласы бойынша атқарылатын жұмыстарды әлі оңтайландырудың бірнеше әдісі де бар. Елбасы жүктеп, тапсырған барлық міндет өз деңгейінде жүзеге асса, тек білім саласы ғана емес, тұтас мемлекеттің дамуына жол ашылады.
Аталған бағдарламалық мақала жарияланғалы аймағымызда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Әр жерде, білім беру мекемелерінде, жастар ұйымдарында мақаланың мәні мен маңызын түсіндіру бағытында келелі жиындар өткізілді. Әсіресе, жаңғырудың алғашқы баспалдағы саналатын латын әліпбиіне көшу бастамасы жұртшылықты бейжай қалдырған емес.
Білім саласының мамандары ұсынылған әліпби нұсқасының тиімді жақтарының көп екенін айтып, қолдау білдірді. Сонымен бірге, жаңғырудың негізі саналатын салт-дәстүрлерді халық жадында қайта жаңғыртып, бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында да айтулы шаралар ұйымдастырылып келеді.