БІЛЕЗІК АТАУЫНЫҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ

Музей қоры және экспозициясындағы этнографиялық жәдігерлерді зерттеп, оларға ғылыми сипаттама беру барысында, зерттеліп отырған заттың атауына еріксіз назар аударасыз. «Осы зат неге осылай аталды екен, халқымыз неге осылай атап кеткен екен?» деген сауал сананы билеп алып, ой тұңғиығына алып кетері рас. Қазақтың тұрмыс-тіршілігінен ақпар беретін этнографиялық жәдігерлер, оның ішінде әшекей бұйымдар атаулары біраз дүниені ашып, айтып берері анық.
Қазақ зергерлерінің ең көп жасайтын әшекейлерінің бірі – жүзік сөзінің этимологиясы туралы өткен жолы айттық. Бүгін назарларыңызға білезік сөзінің этимологиясын ұсынамыз.

Атаудың тағы бір нұсқасы барлығын назарларыңызға салғым келеді. Білезік сөзі білек пен жүзік сөздерінің кірігуі арқылы жасалуы мүмкін. Білек – қолдың басы мен шынтақ аралығы, жүзік – қолға салатын сақина. Сайып келгенде, «білекке тағылатын жүзік» деген мағынада «білекжүзік», кейіннен екі сөз кірігіп, халық арасында білезік атанып кеткен. Білезікті қыз-келіншектер де, орта жастағы әйелдер мен үлкендер де қолға салады.
Әйгерім БЕКҚҰЛИЕВА,
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің
бөлім меңгерушісі