ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ. КАРЕН АРМСТРОНГ «ҚҰДАЙТАНУ БАЯНЫ»
Санамыздағы бір Құдайға деген сенім қайдан келіп орнықты? Адамзаттың Жаратушы туралы түсінігі қалай өзгеріп отырды? Жаратушыны әлемдік үш ұлы дін – яхудилік, христиандық пен ислам қандай сипаттарымен таныды? Бұл үш дін бір-біріне қалай ықпал етті?
Автор К.Армстронг осы сауалдарға жауап іздеп, тамаша ғылыми зерттеу жасаған: бір кітаптың шеңберінде монотеизмнің тұтас тарихын қамтыған – Ыбырайымнан біздің заманымызға, антикалық философиядан ортағасырдағы мистицизмге, Қайта өрлеу мен реформашылық дәуірдегі рухани ізденістерден қазіргі заманғы скептицизмге дейінгі Жаратушының тану тарихын баян еткен.