ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНАН «ПРОТОН» ЗЫМЫРАН-ТАСЫҒЫШТАРЫН ҰШЫРУДЫ АЗАЙТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ
Жақында Мәскеуде «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан мен Ресейдің үкіметаралық комиссиясының 2014 жылдың 24-25 қарашасында Байқоңыр қаласында өткен отырысы хаттамасының соңғы нұсқасына қол қойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
Құжаттың негізгі тармақтарының бірі Қазақстан аумағында Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран-тасығыштарын ұшыруды азайтумен зымырандық-ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі мәселелеріне арналған.
ҚР-ның бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев пен РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин қол қойған хаттамада Қазақстанның қоршаған ортасына экологиялық зияндылықты азайту мақсатымен тараптардың бірлескен жұмыс тобымен 2016 жылдан бастап «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран-тасығыштарын ұшыру саны бойынша дайындалған ұсыныстарды мақұлдағаны туралы айтылған.
«2017 жылы «Протон-М» зымыран-тасығышының ұшырылуын екі есе, 2020 тағы екі есеге, ал 2025 жылы «Протон-М» зымыран-тасығышының ұшырылу көлемін бес есе қысқартып, 2026 жылы оларды мүлде аяқтау жоспарланып отыр», - деп атап көрсетілген Байқоңыр ғарыш айлағы бойынша ҮАК-ның хаттамасында.