САНАЛЫ ҚОҒАМҒА АПАРАТЫН ЖОЛ
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында бүгінгі қоғамда білімнің салтанат құруын міндеттеп берген еді. Содан бері түрлі жобалар қолға алынып, қоғамда түрлі маңызды бастамалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Тіпті, олардың алды жеміс бере бастады.
Біз ақылдылық деңгейі бойынша өте құнды деп есептеген дүниелерді сіздерге ұсынуды жөн деп шештік. Ендеше, бүгінгі тақырып америкалық автордың атақты туындысындағы ақылдылықтың екінші деңгейі төңірегінде, яғни, ғылым мен білімнің қазіргі қоғам айнасындағы маңызы туралы болмақ.
Цифрлы технология дамып, роботтардың ой-өрісі қалыптаса бастаған кезде адамның дамуы бір орында қалып қоюына мүлде рұқсат жоқ. Ақылдың үстемдік құруы, ғылыми интеллекттің дамуы – бізді саналы қоғамға апаратын жалғыз жол.
Адамның ішкі жан дүниесі ғылыммен тығыз байланысты. Әрбір қабылдаған шешім мен өлшемдер сананың білімділігіне қатысты болатыны да ғылымда дәлелденген. Білімнің салтанат құруы не үшін керек? Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» атты мақаласында бүгінгі қоғамда білімнің салтанат құруын тапсырды. Міне, содан бергі уақытта түрлі жобалар қолға мен маңызды бастамалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Енді біз бұл мақаламызда ғылымның адамның ішкі жан дүниесінде қаншалықты маңызды рөл атқаратынын жеткізуге тырыспақпыз. Ендеше, әрі қарай оқыңыз.
Кез-келген адамның ішінде эгоизм, ұлтшылдық, әлеуетіне қарай топқа бөліну, тәкәппарлық секілді жағымсыз қасиеттер үстемдік жасайды. Бұл – дәлелденген тұжырым. Сондай-ақ, адамзат өкілінің бір-бірімен толыққанды араласуына, мәдени-рухани қарым-қатынас жасауына белгілі бір деңгейде кедергі жасайтын дүниелердің бірі – діни сенімнің алуан түрлілігі. Елес, рух, қолдан жасалған құдай бейнесі секілді дүниелер адамдардың бірнеше топтарға бөлінуіне әсер етеді. Сонымен қатар, діни сенімнің кісі санасына билік жүргізу деңгейінің жоғарылығы соншалық, діни танымдарын нақтылау үшін, өз бағыттарының әлемде үстемдік құруы үшін қанды суша ағызып, жер беінде сұрапыл соғыстар жүргізіп жатады. Бұл – толығымен теріс құбылыс.
Міне, осы жерден бастап, адам санасында неліктен ғылыми интеллектуалдың басым болуы керек деген сұрақтың жауабы көріне бастайды. Әрине, біз дінсіздендіру саясатын ұстанбаймыз және азаматтарды ол бағытқа итермелемейміз.
Кен Уилбер ақылдылық деңгейі туралы тұжырымдамасында адамдардың интеллекті төмен болғаны себептен, дінді түсіну деңгейі де өте төмен бола беретінін айтады. Ал ғылыми интеллектің басымдығы қандай оң өзгерістер әкелмек? Адам мен адамның түрлі қарым-қатынасы күнделікті орын ала беретін дүние. Ал адамды зерттей білу – үлкен өнер.
Қарым-қатынасқа түскен кісіңнің ойында не бар екенін анықтау, қандай мақсатта өзіңмен байланысқанын білу секілді қасиеттерді бойыңа игеру – адами-ғылыми интеллектің жоғары болуынан туындаған нәтиже. Жоғарыда келтірген мысалды толығымен солай қабылдауға болады. Өйткені, адам санасында ғылыми интеллект дамыған сайын оның ой-өрісі кеңейіп, кез-келген жағдайға бейтарап түрде және өзінің тарапынан қарауға бейім болады. Осы уақытқа дейін өзіңіздің ғұмыр тәжірибеңізден білетін боларсыз, кез-келген қиын деп есептелген жағдайға үшінші жақтан қарағанда шешімі көрініп тұрады. Міне, ғылыми интеллекті жетілдіру арқылы өз басыңыздағы мәселеге үшінші жақтан қарау мүмкіндігіңізді дамыта аласыз.
Діни көзқарас пен адамның өз интеллектуалы арқасында жасайтын жеке көзқарасында айырмашылық бар. Қай қырынан алып қарасаңыз да Кен Уилбердің әрбір тұжырымы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы күрделі міндеттемелерді қарқынды іске асырып жатқан біздің қоғам үшін құптауға тұрарлық. Одан бөлек, «толық адам» болып, өзіндік көзқарас, интеллектуалды ойлау секілді құндылықтарды өз бойыңда қалыптастырудың негізгі концепцияларын заманында данышпан Абай ақынның өзі де айтып кеткен.
Бүгінгі жазбамызда ақылдылық деңгейінің алғашқы қағидаларын сіздің назарыңызға ұсындық. Келесі мақалаларымызда ақылдылықтың өзге деңгейлері мен адам санасын, ғылыми интеллектті қалай дамыту қажеттігін айтатын боламыз. Қапы қалмаңыз.