ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ Е-ҮКІМЕТ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАМАҚ
2014 жылдың 19-31 желтоқсаны аралығында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыруға және облыс тұрғындарын ынталандыруға бағытталған «Барлығына бірдей, әркімге қолжетімді» акциясы өткізіледі.
Портал арқылы әрбір 10-шы қызмет алушыға ақпарат тасығыш (флешка), әрбір 50-ші қызмет алушыға ұялы телефондар таратылады, деп хабарланған электронды үкімет порталында.
Акция төмендегі электронды мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар арасында жүргізіледі:
- Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
- Мұрағаттық анықтамалар беру;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге және жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органмен жалға алынған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;
- Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою;
- Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;
- Қамқорлыққа және күтімге алу бойынша анықтамалар беру;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау;
- Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру;
- Тұрғын үй көмегін тағайындау;
- Жеке қосалқы шаруашылық бойынша анықтама беру;
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
- Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау;
- Кәмелетке толмағандарға меншік құқығы негізінде тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру;
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу мен кәмелетке толмағандардың тиесілі мүліктеріне билік ету үшін анықтамалар беру.