29 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП АСТАНА МЕН ҚЫЗЫЛОРДА АРАСЫНДА ЖАҢА ЖҮРДЕК ПОЙЫЗ ҚАТЫНАЙДЫ
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңажылдық мерекелер қарсаңында жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында 2014 жылдың 29 желтоқсанынан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Астана-Қызылорда» бағытындағы №89/90 жолаушылар пойызын жолға шығаратыны жайлы хабарлайды, деп жазады astana.gov.kz.
Құрам 4 күнде 1 рет қатынайды.
Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 2 - «Бизнес», 2 - «Гранд», 14 - «Турист» вагондары, 2 мейрамхана вагоны және 3 техникалық вагон бар. Құрам Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан стансаларына аялдайды. Қызылордаға дейінгі жол 22 сағат 25 минутты, қайтар жол 23 сағат 22 минутты құрайды.
2014 жылдың 1 қазанынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ үстіміздегі жылғы 14 қарашадан бастап аттанатын «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер енгізуде. Жолаушы билетті ерте сатып алған жағдайда 35 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оның үстіне пойыз жүрер уақытқа сұранысқа сәйкес билет құны өзгеруі мүмкін.
Жеңілдіктер жүргізіліп жатқан №69/70 «Алматы-2-Защита» (Өскемен), №19/20 «Астана-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана», №79/80 «Астана-Шымкент», №77/78 «Алматы-Атырау», №49/50 «Алматы-Ақтөбе», №35/36 «Алматы-2-Шымкент», №67/68 «Астана-Защита» (Өскемен), №89/90 «Астана-Қызылорда» бағыттарындағы «Тұлпар-Тальго» пойыздарына енгізіледі.
Айта кетер бір жәйт, 2014 жылғы 16 желтоқсаннан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарында (№25/26 Алматы-Шымкент пойызынан бөлек) дербес дисконттық карталар енгізілуде.