ЕЛБАСЫ СЫРТҚЫ БАРЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттермен достық қатынастарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
– Шет елдердің арнаулы органдарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта болу қажет. Террористік идеяларды ұстанатындарды, соның ішінде Сириядан оралған адамдарды ұдайы бақылауда ұстау керек. Бұл сіздер атқаратын жұмыстың негізгі бағыты саналады, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.