ӨҢІРІМІЗГЕ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЭКСКУРССИЯҒА КЕЛДІ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты, «Менің Отаным – Қазақстан» атты жобасы аясында республикалық өлкетану акциясы өтіп жатыр. Сол бағдарлама негізінде өңірімізге Ақмола облысының оқушылары экскурссияға келді.
Кішкентай қонақтарымызға 3 күнді қамтитын ауқымды шаралар мен қызықты бағдарлама дайындалған.
Акция барысында оқушылар Сыр елінің қасиетті жерлеріне, яғни, Қармақшыдағы Қорқыт Ата мемориалды кешеніне, Байқоңырдағы «Жұлдызды қалашыққа» және Жаңақорғандағы Ортағасырлық Сығанақ қалашығына саяхат жасап, Шиелі ауданында орналасқан Н.Бекежанов атындағы музейдің жұмысымен танысады. Одан өзге қаламыздағы тарихи-өлкетану музейінде, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де қонақта болып, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханадағы IT-PARK орталығымен таныстыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жазғы лагерлерде демалып жатқан оқушыларды Ақмола өңірінен келген саяхатшы жастармен достық байланыс орнату көзделуде.
Шараның мақсаты: Ақмола облысынан келген оқушылар мен тәрбиешілерге Сыр елінің мәдениеті мен тарихын таныстыру, тарихи орындардың алуан түрлілігі мен ерекшеліктері туралы мәлімет беру, оқушыларды әр аймақтағы мәдени-тарихи мұралармен таныстыра отырып, оларды отансүйгіштікке баулуға, өзара достық қарым-қатынас орнату. Жас жеткіншектеріміздің таным көкжиегін кеңейтуге және туған жер мен мәдени мұраларымызға деген құрмет сезімдерін нығайтуға бағытталған өңіріміздің тарихымен таныстыра отырып, елжандылыққа баулуға, оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнатуға, көшбасшылық қасиеттерді шыңдауға, туған жерге деген патриотизмді нығайтуға бағытталған саяхаттар ұйымдастыру.
Айта кетейік, осы өлкетану акциясы аясында маусым айында қызылордалық оқушылар Ақмола облысына барып қайтқан болатын.