СЫР ӨҢІРІНІҢ ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАРЫ
Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласындағы "Рухани қазына" кіші бағдарламасының "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы аясында өткізілген облыстық тарихшылар мен өлкетанушылардың форумында қабылданған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі БАҚ өкілдерімен бірлесе "Сыр өңірінің қасиетті орындары" атты телеэкспедициялық жобаның ІІ кезеңін ұйымдастырды.
Жоба барысында экспедиция мүшелері еліміздің жалпыұлттық және өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген облыстың батыс бөлігіндегі ескерткіштер: Қалжан ахун мешіт-медресесі, Қорқыт Ата ескеткіш-кешені, Марал ишан кесенесі, Қалқай ишан кесенесі, Мүсірәлі Сопы Әзиз кесенесі, Ғанибай мешіті, Жанкент қалашығы, Қожаназар ишан мешіті, Жанқожа батыр кесенесінің тарихи маңызы мен қазіргі таңдағы ахуалы, туристер мен зиярат етуші халыққа қолжетімділігі, инфраструктуралық жағдайы сонымен бірге археологиялық қазба жұмыстарымен танысты.
"Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасының екінші кезеңі бойынша аудандық музейлерде ашылған "Қасиетті Қазақстан" залдары және қасиетті нысандар тізіміне енетін тарихи-мәдени ескерткіштер туралы мәселелер қозғалды.