БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры «Туған жерге тағзым» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қызылорда – менің сүйікті қалам!» үздік фото және бейнематериалдар, «Туған өлке естеліктері» тақырыбындағы үздік эссе онлайн-конкурстарын өткізді.
Үздік эссе онлайн-конкурсының мақсаты – басқа елге тұрақты тұруға кеткен адамдардың туған жерге деген сағынышын, сүйіспеншілігін білу арқылы туған жердің қадірін түсіндіру болды. Бұған қоса, Отанға деген патриоттық сезімді ояту еді.
Ал «Қызылорда – менің сүйікті қалам!» байқауы туған жерге, қаламызға деген сүйіспеншілікті арттыру, көрнекті жерлері мен тарихи жәдігерлерін насихаттау, жас ұрпақтың бойына туған еліне, сүйікті қаласына деген патриоттық сезімді оятуды мақсат тұтады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі облыс орталығындағы Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың №1 оқу ғимараты, Ә.Кекілбаев атындағы дәрісханасында өтті. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Марапаттау шарасын әділқазылар мүшесі, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім меңгерушісі Әшірбекова Гүлмира, «Сыр медиа» ЖШС-ның фотокорреспанденті Нұрболат Нұржаубай, әділқазылар алқасының мүшесі Абасилов Аман жүргізді.
Фото және бейнематериалдар байқауына – әділқазылар төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың доценті Тұяқбаев Ғабит, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының бас редакторы Қасымова Айсұлу, Сыр медиа ЖШС-ның фотокорреспонденті Нұржаубай Нұрболат, ардагер фототілші Омаралиев Болат, «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Әділжан Үмбет қазылық етті.
Ал үздік эссе байқауына келіп түскен материалдарға филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры Абасилов Аман, «Сыр бойы» газеті редакторының орынбасары Жетпісбаев Мұрат, «Сыр бойы» газетінің бөлім меңгерушісі Жалғасова Гүлжазира, «Тіл сақшысы» газетінің жауапты хатшысы Аманов Жалғас, филология ғылымдарының кандидаты, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім меңгерушісі Әшірбекова Гүлмира сараптама жасады.
Нәтижесінде үздіктер анықталып, жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
«Қызылорда–сүйікті қалам» тақырыбындағы байқаудың жеңімпаздары:
1-орын – Бағдат Есжан
2-орын – Дарын Кемелов
3-орын – Мұрат Сәулебек
«Туған өлке естеліктері» тақырыбындағы үздік эссе онлайн-конкурсының жеңімпаздары:
1-орын – Қалиалан Мұратхан
2-орын – Қуанышбек Өмірбек
3-орын – Қанай Жұман
Жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз.