«СЫР БОЙЫ БАТЫРЛАРЫ» ЕСКЕРТКІШІ
Ескерткіш төрт батырды бейнелейді. Биіктігі – 5,5 м, салмағы 5,5 тонна. Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры гранитпен қапталған. Ескерткіштің авторлары – А.Кененбаев, Ж.Исмағұлов.
«Сыр бойы батырлары» ескерткішінде осы өңірде өмір сүрген Сақ, Қаңлы, Оғыз-Қыпшақ т.б тайпалардың киім үлгісі мен қару жарағы бейнеленген. Ескерткіш Қызылорда қалалық саябағының алдында 2006 жылы ашылды.
Сонымен қатар, түркі халықтарының руна жазуы және Қазақ жеріндегі ру – тайпалардың таңбалық бейнелері де осы ескерткіш компазициясында суреттеледі. Ескерткіш батырларында қалқан, қылыш, садақ, шоқпар бейнелері суреттелсе әйел мүсінінің қолына бибітшілік символы көгершін құсы суреттеледі.
Сонымен қатар қобыз, торсық бейнесі де көрініс тапқан. Мүсіндердің орта бөлігінде үш жүзді бейнелейтін найзалар біріктірілген. Онда найзамен қатар ту бейнесі де бар. Батырлардың бас киімдері осы өңірде өмір сүрген тайпалар мен хандықтардың бас киім үлгілеріне негізделген.
Оның ішінде шошақ бөрік, дулыға және бөрік те көрініс тапқан. Тұғыры басбалдақ болып келіп шеңбер ортасына осы Сыр батырлары ескерткіші көрініс тапқан.