МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАН МАРАПАТТАЛДЫ
Айдана Сейітсұлтанқызы туылғаннан бастап ДЦП ауруына шалдыққан. Тағдырдың тәлкегіне мойымай, мүмкіндігі шектеулі болса да Айдана «Түкті кілем үйрету шеберханасы» қоғамдық бірлестігінде жұмыс жасап келеді. Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Айдананы қабылдап, оның еңбекқорлығын жастарға үлгі етті.
– Мүмкіндігі шектеулі азамат¬тарға көңіл бөлу, олардың мұң-мұқтажына құлақ асу, жұмысқа орналасуларына көмек беру – азаматтық парызымыз. Айдананың өмірге деген құлшынысы ерекше. Сондықтан болашағынан үлкен үміт күтуге болады. Қиындыққа мойымай, өз дертін жеңіп, аяққа тұрған Айдананың қайсарлығына басымды иемін. Қазір тепсе темір үзетін, бірақ ата-анасына масыл болып, солардың арқасында өмір сүріп жүрген жастар көп. Соларға осы Айдананың еңбекқорлығы үлгі болса екен,– деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
«Жас Отан» Жастар қанаты конференциясында Айдана Сейітсұлтанқызы мүмкіндігі шектеулі жандар атынан сөз сөйлеп, өз арманымен бөліскен болатын. Сол өтінішін ескерусіз қалдырмаған аймақ басшысы бүгінгі кездесуде Айданаға соңғы үлгідегі интернетке қосылған ноутбук табыс етті.