ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕСКІ БӨЛІГІНДЕГІ НҰРАЛЫ (МІРӘЛІМ) МЕШІТІ
Нұралы мешіті республикалық санаттағы архитектуралық ескерткіш. Бұл мешітті 1915 жылы сарт саудагер Мұралім Меркемалов қыш кірпіштен салдырады. 1937 жылға дейін мешіт болып жұмыс істеді. Кейін спорт мектебі, емхана, дәріхана болады. 1990 жылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1991 жылы қайта мешіт болып ашылды.
Мешіттің қысқаша дерегі Юнус (ұлты татар) молдадан алынды. Ол 1993 жыл күзгі уақыт еді. Міралім бай мешіті сонау патша үкіметі заманында салынғаны белгілі.
Юнус баба: Бұл мешіт тұрғызылып, қабырға кірпіштері өріліп жатырғанда мен 13 жасар бала едім. Міралімді көзіммен көрдім. Зор денелі, ұзын бойлы, қыр мұрынды, қызыл шырайлы кісі болатын, бурыл қара сақалы бар. Ізінде бес тазысы еріп жүретін. Орта Азия мен қазақ жерінде Міралім сауданы дүркіреткен көпес еді.
Мешітті арнайы Бұқара мен хиуа жерінен мешіт салатын шеберлерді алдырып, барлық керек-жарақ құрал заттарды да сол Бұқара жерінен әзірледі. Сонау қашық жерден мешіт жабдықтарын түйемен тасудан гөрі оның оңай жолдарын таба білгеніне адам таң қаларлықтай. Көптеген бөрене ағаштарды бір-біріне байланыстырып, оларды жалғап Сырдария арқылы ағызып әкелген. Сол бөрене үстіне мешітке керекті материалдарды қойған. Арнайы жасақталған адамдар салдың үстінде отырып, дарияның бұрылар тұстарында салды жиекке соқтырмай аман-есен қазіргі Ленинский путь тұстағы көне дарияға әкелген. Аман-есен әкелген жабдықтар үшін ол кісілерге Мірәлім алтын тілләдан ақы төлеген. Мірәлім бай мешітті 6 жыл салған. Мешіт біршама уақыт тоқтап барып жұмысын қайта жандатқан. Ол уақытта да мешіт салу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін шаруа еді.
Кейбір зерттеушілер келіп мешіттің ішінде Герт ұстундарды (тіреу) арнайы Индиядан әкелген ағаш дейді. Ою-өрнектерін бұқар ұсталары салған екен, - деп тұжырым жасайды.
Мешіт сыртындағы кесекке арнайы сылақ жүргізілген, 1 ғасыр өтсе де әлі мінін жоймаған. Мешіт құрылысы аяқталған соң Мірәлім Бұқарадан имамды алдырған. Ол кісінің есімі Хақназар екен. Хақназар Әуезұлы Бұқара медресесін тамамдаған білікті, білімді ғалым адам болған. Оның ұрпақтары Қазалы қаласында тұрады. Алайда патша үкіметіне қарсы большевиктер үстем болған сәтерді ерте түсінген Мірәлім бай қашудың қамын ерте ойлап жиған байлықтарын, дүниесін, бала-шағасын алып Ауғанстанға қашып кеткен. Мешіттің құжаттарында да бірге ала кеткен. Ол кезеңде Қазалы уез орталығы Орынбор губерниясына қарайтын. Мешіт салуға ұлықсатты, Петроград т.б. қағаздары ешбір архивтен табылмады. Мірәлім бай өзімен бірге ала кеткен деп ойлаймыз. Кеңес үкіметі барлық билікті қолына алғаннан соң Мірәлім мешітін әскери атты әскер казарма, сосын әскери емхана қылды. Мешіттің намаз оқитын бөлмесі бөлмелерге бөлініп, түрлі мекемелерге айналды, да клуб, емхана, спорт мектебі, дәріхана т.б. болды. Сабырбаев Разхманберді, Дүзелбаев Оңғар, Ақбаев Өсербай, Файзырахман (Фамилиясын ұмыттым) аудан әкімі Шәріпов Жарылғасынға кіріп, Қазалы қаласндағы Мірәлім бай мешітін қайтадан мешіт қылып ашу керектігін ұсыныс етті. Әкім Жарылғасын Шәріпов, қала әкімі Толыбаев Мырзахметке тапсырма беріп, қала т.б. аудан мекемелері өз күшетірімен мешітті қайта жөндеуден өткізді. 1993 жылы мешіт қайта қалпына келтірілді. Мешіт жанынан үлкен дастархан дайындалып, халыққа ас берілді. Ж.Шәріпов мешітті өзі ашып сөз сөйледі. Имам болып Түркиядан Алдахияр Әлім тағайындалды.
2010-2012 жылдары Нұралы мешітіне қайта жаңғырту (реставрациялау) жұмыстары жүргізілді.