ТАПСЫРМАЛАР МҮЛТІКСІЗ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыс әкімдігінің аппарат мәжілісі болып өтті.
Мәжілістің күн тәртібін жарияламастан бұрын аймақ басшысы қатысушыларға жақында болып өткен №8 Төретам сайлау округы бойынша шығып қалған депутат орнына өткізілген сайлауда Ақмарал Әлназарова жеңіске жетіп, депутат болып сайланғанын және соңғы сессияда оны әріптестері облыстық мәслихатқа хатшы етіп сайлағанын еске салып өтті. Қырымбек Елеуұлы мәслихатқа ұсыныс берердің алдында Әлназарованың кандидатурасы бойынша Елбасының және Президент аппараты жетекшісінің келісімін алғанын да айтып берді. Осыдан кейін ол мәжіліске қатысып отырған Ақмарал Шәріпбайқызын облыстық мәслихатқа хатшы болып сайлануымен құттықтады. Қырымбек Елеуұлы А.Әлназарованың өзінің орынбасары қызметін атқарған кездері әлеуметтік сала мен ішкі саясат жұмыстарын үйлестіруде жақсы жұмыс істегенін айта келе, оны облыстың «Құрмет грамотасымен» марапаттағанын жеткізді. «Құрмет грамотасын» тапсыра отырып, Ақмарал Шәріпбайқызына жаңа лауазымында абырой мен табыс тіледі. Осыдан кейін ардагерлер атынан С.Шаухаманов құттықтау лебізін жеткізді.
Мұнан соң аймақ басшысы Қытайға, Ресейге және Ұлыбританияға жасаған жұмыс сапары жайлы ақпаратпен бөлісті. Бұл іс-сапарлар барысында облыс үшін біраз нәтижелі жұмыстар жасалды. Қытайда аймағымыз үшін тиімді бірқатар жобалар бойынша меморандумдарға қол қойылса, Ресейге сапар барысында Байқоңырдағы қазақ мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық оқу стандарттарын енгізуге қол жеткізілген. Сол секілді, біраз жылдан бері шешімін таппай келген әйелдер босанатын үй бойынша оң шешім қабылданған. Ал Лондонда Еуропалық қайта құру және даму банкі басшысымен кездесіп, облыс орталығының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үш жобаны қаржыландыру бойынша келісім жасалды. Облыс әкімі қазір аталмыш банкпен барлығы 8 жоба бойынша келісім жасалғанына назар аударды. Олардың жалпы құны 63 млрд. теңгені құрайды. Қазақстанда бұл банкпен қазіргі күні Қызылорда облысы мен Алматы қаласы ғана жұмыс жүргізуде. Аймақ басшысы облыс жылды жақсы макроэкономикалық көрсеткіштермен қорытындылайтынын мәлімдеді. Ол Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауындағы міндеттерді орындау үшін Ұлттық қордан бөлінетін қаржыға өңірімізден жалпы құны 583 млрд. теңге болатын ұсыныстар берілгенін атап өтті. Енді осы қаржыны алу, оны игеру әкімдер мен сала басшыларының тиімді жұмыс жүргізуіне тікелей байланысты.
Мәжілістің күн тәртібіндегі алғашқы мәселе облыс әкімінің 2015 жылға арналған іс-қимыл жоспары туралы облыстық экономика басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова хабарлама жасады. Ол облыс әкімінің 2014 жылға арналған іс-қимыл жоспарындағы шаралар барлығы дерлік аяқталып, тек жоспарға сәйкес келер жылы аяқталатын ауыспалы шаралар қалды. Келесі жылы аяқталатын іс-шаралардың барлығының да қаржысы бекітілген. Басқарма басшысы өңдеу саласындағы ілгерілеушілік, жұмыссыздық деңгейінің 0,2 пайызға төмендеуі, облыс тұрғындарының тұрмыс жағдайы артқаны туралы деректерді келтіріп өтті.
Облыс әкімінің 2015 жылға арналған іс-қимыл жос¬парлары мақсаты басым міндеттері Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы өңірдің стратегиялық даму бағытына сай әзірленген. Іс-қимыл жоспарының мақсаты халықты жұмыспен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, тұрғын-үй реформаларын жалғастырып, тірек елді мекендерін дамыту табылады. Басқарма басшысы келер жылғы іс-қимыл жоспардың негізгі бес бағыт бойынша айқындалғанын атап өтті. Оның біріншісі – әлеуметтік даму, екіншісі – өңір экономикасын әртараптандыру, үшіншісі – инфрақұрылымды дамыту, төртіншісі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтасыз ету және бесіншісі – жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру. Хабарламашы осы бес бағыт бойынша орындалатын ірі шаралардың бірқатарын атай келе, облыс әкімінің 2015 жылға арналған іс-шараларды орындауға 25,7 млрд. теңге қаржы жұмсалуы қажеттігін жеткізді.
Облыс басшысы іс-қимыл жоспарының әрбір тармағына жеке-дара жауапкершілік жүктелетінін, сонымен бірге барлық тармақтары уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету туралы баса айтты. Ал шаралардың орындалуына облыс әкімінің салалық орынбасарларына жүктеледі.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе 2014 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша облыс бюджетінің болжамды орындалуы және бюджет заңдылықтарының сақталуы туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев хабарлады. Басқарма басшысы соңғы көрсеткіш бойынша облыстың кірісі 104 пайызға орындалғанын атап өтті. Ал облыстық бюджеттің шығыстары 96 пайызға орындалған. Мұнан кейін хабарламашы әрбір басқарма және аудандар бойынша бюджеттік шығыстардың орындалу барысына жеке-дара тоқталып өтті. Мұның ішінде бірқатар басқармалар жос¬парды толық орындап койса, қалғандары белгіленген мерзімге дейін толық орындайды деген болжам жасалып отыр. Тек кейбір басқармалар бойынша орындалмай қалу қаупі бар. Мәселен, мал шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаржысын игеру бойынша қиындықтар туындаған. Облыс әкімі өзінің орынбасары Серік Қожаниязов пен ауылшаруашылық басқармасының басшысы Дәуірбек Әбуовке бұл мәселені Үкімет арқылы шешуді тапсырды.
Облыс әкімі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен қала және аудан әкімдеріне қаралған қаржыны (дәлелді себептерді есептемегенде) 100 пайыз толық игеруді, сонымен бірге 2015 жылдың бюджетіндегі қаралған қаржының айлық бөлінісін екі күн ішінде қаржы басқармасына ұсынуды тапсырды.
2014-2015 жылдарға арналған жылу беру маусымы қалыпты өтуде. Жылу орталықтары мазутпен уақытылы қамтамасыз етіліп отыр. Қызылорда қаласының тұтынушылары орташа есеппен күніне 93 мың текше метр көгілдір отын пайдалануда. Бұл туралы мәжілісте облыстық энергетка және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов хабарлады. Аймақ басшысы осы ретте қала әкіміне №1 мектептің қазандықтарын газға ауыстыру туралы тапсырма берді. Сонымен қатар, аудан және қала басшыларына әлеуметтік нысандарда қажетті отын қорының тұрақты жасақталуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Коммуналдық төлемдерді барынша азайту күн тәртібінен түспеуі тиіс. Алдағы мерекелік күндері мекемелерде тәулік бойынша кезекшілік ұйымдастырылуы қажет. Сонымен бірге басқарма басшысына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының жол картасын әзірлеп бекітуді тапсырды.
Мәжілісте облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов «Балапан» бағдарламасының орындалуы және жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарын оқулықпен қамтамасыз етудің барысы жайлы баяндады. 2014 жылғы 1 қазандағы есеп бойынша облыс бойынша 589 (333 балабақша, 256 шағын орталықтар) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Онда 40491 бала тәрбиеленуде. 3-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі қамтылуы 88,7 пайыз болып отыр. Облыс әкімінің тапсырмасына сай, 2015 жылдың аяғына дейін қамтылуын 100 пайызға жеткізу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Десе де, осы межені орындай алмау қаупі Арал және Қазалы аудандары мен Қызылорда қаласында байқалады. Сондықтан аталған аудандар мен қала әкіміне осы бағытта жұмысты күшейту керек. Хабарламашы сонымен бірге қазіргі таңда облыстың білім ұйымдарын 100 пайыз оқулықпен қамту бойынша іс-шара жоспары жасалып, жұмыстар кезегімен атқарылуда екенін жеткізді.
Облыс басшысы биылғы жылы оқулықпен қамтамасыз етуде өрескел кемшіліктерге жол берілгенін, бұдан кейін ондай жағдайға жеткізуге болмайтынын атап көрсетті. Ол үшін тиісті талдау жұмыстары жасалып, бақылау жүргізілуі керек және алдағы наурыз айында жаңа оқу жылына дайындық жайына арналған мәжіліс өткізілуі тиіс. Ал мектепке дейінгі ұйымдағы 3-6 жастағы балалардың санын нақтылау және бос орындарды кезекте тұрған балалармен ретке келтірген жөн. Мемлекеттік білім беру тапсырысына бөлінген қаржының тиімді игерілуі басты назарға алынуы қажет.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау және өмір сапасын жақсарту жайлы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева хабарлады. Ол Қызылорда облысында мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған Жол картасы бойынша кәсіптік оңалту, медициналық оңалту, әлеуметтік оңалту бағытында жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Егер де кәсіби және жеке оңалту бойынша 375 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланса, ол артығымен орындалған жайы бар. Облыс бойынша 910 мүгедек жұмысқа орналасса, оның 514-і тұрақты жұмыспен қамтамсыз етілген. Ал нерв жүйесі зақымданған мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды оңалту үшін локоматорлық аппаратын алуға Жол картасы аясында 118 млн. теңге бөлінген. Мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге 2014 жылы 283,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Оңалту орталығында 1171 мүгедек пен қарт кісілірге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Аймақ басшысы осы орайда «Қызылорда облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған Жол картасын бекіту» туралы облыс әкімдігінің 2014 жылғы 7 наурыздағы №519 қаулысын мүлтіксіз орындау туралы облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттер басшыларына, сондай-ақ қала және аудан әкімдеріне тапсырма берді. Сонымен бірге, Жол картасының барлық тармақтары сапалы орындалуын қамтасыз ету керектігін баса айтты.
Ыдырыс ТҰРЛЫҒҰЛОВ