EGOV ПОРТАЛЫНДА 3-МИЛЛИОНЫНШЫ ПАЙДАЛАНУШЫ ТІРКЕЛДІ
3-миллионыншы пайдаланушы тіркелді, ол Қызылорда облысының тұрғыны Еламан Серкебаев болды, деп хабарлайды egov.kz баспасөз қызметі.
Еламанға мекенжай анықтамасы керек болды, ол үшін ол Қызылорда облысы Сырдария ауданының ХҚКО жүгінді. Қызметті көрсеткеннен кейін, ХҚКО қызметкерлері оған ЭЦҚ алып, egov порталында тіркелуді ұсынды. Осылайша, мерейтойлық үш миллионыншы тіркеу пайда болды. Е. Серкебаев: «Бүгінгі күнге дейін мен электрондық үкімет порталының қызметтерін алып көрген емеспін, бірақ орталық қызметкерлері маған ХҚКО-на келмей-ақ, уақыт үнемдеп барлық анықтамаларды онлайн алуға болатынын айтып берді. Мен болашақта порталды үнемі қолдануды, анықтамаларды алуды және коммуналдық қызметтерді төлеуді жоспарлап отырмын», - деп ой бөлісті.
Мерейтойлық пайдаланушыны Қызылорда ақпараттық технологиялар орталығының директоры Әкімжан Әбішев пен Қызылорда облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалының директоры Аида Абибуллаева құттықтады. Өз құттықтауында Әбішев бүгінгі іс-шара порталдың белсенді пайдаланушылары тек Астана мен Алматыда ғана еместігін дәлелдегенін атады. Біздің облыста, еліміздің барлық өңірлеріндегідей қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану үшін барлық жағдай жасалған. «Қазіргі кезде халық, әсіресе жастар, интерактивті сервистерді қолданудың артықшылықтарын түсінеді. Электрондық үкімет қызметтерін астанада ғана емес, өңірлерде де белсенді қолданып келеді», - деп толықтырды ол.
Аида Абибулаеваның айтуынша, жылдың басынан бастап Қызылорда облысының ХҚКО арқылы 76601 адам электрондық цифрлық қолтаңбаны алды. «Әдеттегідей, ЭЦҚ бар азаматтар ХҚКО жиі жүгінбейді. Олар қызметті не үйден алады, не орталықтағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан алады», - деп айтты.
Естеріңізге салсақ, ағ.ж. сәуір айында eGov 2-миллионыншы пайдаланушыны атап өткен болатын. Осылайша, сегіз айдан кем уақыт ішінде электрондық қызметтерді пайдаланушылардың саны экономикалық белсенді халықтың 21,9%-нан 32,8%-ға дейін өсті.