2014 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ АҚШАЛАЙ ТАБЫСТАРЫ 52 МЫҢ ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ
2014 жылғы қазандағы халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары (бағалау бойынша) 52403 теңгені құрады және осы кезеңге тауарлар мен қызметтердің тұтыну бағасының 7,6%- ға өсіуіне байланысты 2013 жылғы қазанмен салыстырғанда 8,3%-ға өсті. Нақты көріністе халықтың ақшалай табыстарын өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,7 %-ға жоғарлады. 2014 жылғы қазандағы орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстың мөлшері Қызылорда облысы бойынша орташа республикалық деңгейге қатысты 85,7% -ды құрады. 2014 жылғы қазандағы ең төменгі күңкөріс деңгейінің шамасы және атаулы ақшалай табыстардың арасындағы қатынас 2,8 есені құрады. (2013 жылғы қазанда - 2,7 есе).